Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары 8 тамызда қандай нәтиже көрсетті?
Фото: Сали Сабиров, Владислав Семенов, Тұрар Қазанғапов
1,075
оқылды

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан спортшылары 8 тамызда Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсеткенін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі бессайыс: Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы семсерлесуден іріктеуде Елена Потапенко семсерлесуден кейін 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. 

Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 170 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр. 

Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова жарысты аяқтады. Ол ширек финалда өз тобында 4-орын алды. 

Каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші жетті. Олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады. 

Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова іріктеуде өз тобында мәреге бесінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 48.43 секунд. 

Еркін күрес: Азамат Дәулетбеков (86 кг) алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді. Мейрамбек Картбай (57 кг) 1/8 айналымында қырғыз палуаны Бекзат Алмаз уулудан жеңіліп қалды. 

Құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов жартылай финалға жолдама ала алмады. Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға жол берді. Әмірдің уақыт көрсеткіші – 6.14 секунд 

Көркем гимнастика: Эльжана Таниева көркем гимнастикадан іріктеуде өнер көрсетіп, финалдық кезеңге шыға алмады. Ол төрт жаттығуда 126.600 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады. 

Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.