ҚР Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп еліміздің бокс саласына өзгеріс қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі", – деді Шахмұрат Мүтәліп Qazsport арнасының тілшісіне берген сұхбатында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.