Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Ұлы Дала дүбірі» ұранымен өтеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Астанада өтетін дүбірлі доданың басталуына 30 күн қалды
851
оқылды

2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.

Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.

Тікелей Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады.

Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы бара алады. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Ұлы Дала дүбірі» ұранымен өтеді.

Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйекте Ұлттық музейде «Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция «Тарих және мәдениет», «Спорт ғылымы» және «Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы» секцияларынан тұрады.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/kz.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.