Олимпиаданың он төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары 9 тамызда қандай нәтиже көрсетті?
Фото: Сали Сабиров
1,075
оқылды

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан спортшылары 9 тамызда Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсеткенін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі бессайыс: Ерлер арасындағы жартылай финалдың А тобында сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин 1452 ұпай жинады. Өкінішке қарай, қазақстандық топта үздік 9 атлеттің қатарына кіре алмай, финалға шыққан жоқ. 

Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 500 метрге жұптасып ескек есуден әйелдер арасында А және В тобының финалында Мария Бровкова мен Руфина Искакова мәреге үшінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:57.58 секунд. 

Еркін күрес: Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) алғашқы белдесуінде Роберт Бараннан (Польша) жеңіліп қалды. Есеп – 1:4. 

Таэквондо: Батырхан Төлеуғали (80 кг) екінші кезеңде 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиоға (Италия) есе жіберді – 0-2. 

Жеңіл атлетика: Ұлттық құрама спортшысы Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасында 10 шақырымға жүгірудің финалында 17-орын алды. 

Олимпиаданың он төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.