Әлішердің Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі сақталып отыр.
Балуан Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында әлем чемпионынан жеңіліп қалды
Фото: Сали Сабиров
3,283
оқылды

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілді, – деп жазады Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, 97 келіге дейінгі салмақта белдескен ол әлем және Азия чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберді. 

Есеп: 2:14. 

Әлішердің Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі сақталып отыр. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.