Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасында жұбаныш белдесуінде күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
97 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали ширек финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын. Жұбаныш белдесуіне қатысу үшін Әлішер қарсыласының финалға дейін сүрінбей жетуін күтті.
Тажудинов болса, жартылай финалда әлем және Олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен кездесіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Әлішер Ерғали ирандық Азарпира Амиралимен жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Белдесу Астана уақытымен 14:00-ге жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.