Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға депутат Айдарбек Ходжаназаров көлік сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортшыға темір тұлпар табысталған сәтті Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын", – деп жазды депутат.
Айта кетсек, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын.
"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек", – деп жазған еді Ходжаназаров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.