Париж Олимпиадасында бокс бәсекесі аяқталды. Соңғы болып ерлер арасындағы аса ауыр салмақтағы жеңімпаз анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстандық Баходир Жалолов финалда Испания боксшысы Айюб Гадбаны айқын басымдықпен жеңді. Бірінші раундта төреші Гадбаға екі нокдаун да ашты.
Осылайша, Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Жекпе-жектен кейін спортшы әуесқой бокстағы карьерасын аяқтайтынын мәлім етті. Ол жейдесін шешіп, енді кәсіпқой бокста әлем чемпионы атануға сөз берді.
Өзбекстан бокстан Парижде жеті салмақта бесеуінде топ жарды. Бүгін Баходирден бөлек, 57 келіде сынға түскен Абдумалик Халоков та жеңіске жетті. Финалда ол қырғыз боксшысын жеңді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.