Актер Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиадаға жұмсаған шығынын салыстырған.
«Тойымсыздар...»: Тәуекел Мүсілім Олимпиада нәтижесі туралы айтып, еліміздегі жемқорлықты сынады
Фото: instagram.com/ mussilim
2,074
оқылды

Актер Тәуекел Мүсілім Олимпиадаға қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол Олимпиада нәтижесі туралы қысқаша айтып, еліміздегі жемқорлықты сынады. 

"Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Актер Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиадаға жұмсаған шығынын салыстырған. Бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар жұмсалған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    Telegram  арнасынан таба аласыз.