Париж Олимпиадасында ерлер арасындағы бокстан 80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып, күміс жүлдегер атанған Нұрбек Оралбай елге оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Боксшыны Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері салтанатты түрде күтіп алды. Қарсы алушылардың қатарында Лондон Олимпиадасының чемпионы, «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ президиумының төрағасы Серік Сәпиев те болды.
«Өкінішке қарай, екінші орын алып қалдым. Жанкүйерлерім үшін алтын алып, қазақ елін қуантып, көк Туымызды желбіреткім келіп еді. Бұл жолы бұйырмапты. Алла қаласа, келесі Олимпиадада бар күшімді саламын», – деді Нұрбек Оралбай.
Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай Олимпиадада финалға дейін жетіп, украиналық Александр Хижняктан ұтылып күміс жүлдегер атанды.