Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахашидің айтуынша, Токиода Жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты тоқтатылған жағдайда бір немесе екі жылдан кейін өтеді.
Бұл туралы The Wall Street Journal-ға сілтеме жасаған «Қазақпараттың» хабарлауынша, Олимпиаданы көрерменсіз өткізу немесе толығымен тоқтату көп мөлшерде қаржылық шығын әкелуі мүмкін.
«Жазғы ойындар тоқтатылады деп ойламаймын», – деп мәлімдеді Такахаши.
Еске сала кетейік, Токиода Олимпиада шілденің 24-інен 9 тамыз аралығында өткізу жоспарлап отыр.
Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болады.