Париж Олимпиадасында 63,5 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына ауылдастары ат мінгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы боксшының ағасы Instagram-дағы парақшасында видео жариялады. Ол достары інісіне ат мінгізгенін айтқан. Бір топ азамат спортшыны қолдап, алар асуы алда екеніне сенім білдірді.
"Ассаламағалейкум! Жеңісте де, жеңілісте де, әр қашанда қолдап жүрген достарыма үлкен рақмет! Ініміздің еңбегін бағалып, ат мінгізді! Құдай қаласа бұл тек бастамасы! Алға", - деп жазды спортшының ағасы Эмиль Оморов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.