Боксшыны әуежайдан күтіп алған журналистердің бірі жеке өміріне қатысты сұрақ қойды.
Нұрбек Оралбай болашақ жарының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетінін айтты
Фото: YouTube
1,882
оқылды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай елге оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Боксшыны әуежайдан күтіп алған журналистердің бірі жеке өміріне қатысты сұрақ қойды.

"Әкеңіз биыл сізді үйлендіруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Сол жағы қалай болып жатыр?" - деді журналист.

"Енді көре жатармыз. Бірақ қызым жоқ, жүрегім боc. Бұйырған күні үйленетін шығармыз", - деп жауап берді боксшы.

Нұрбек Оралбай болашақ жарының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетінін айтты.

"Ақылды, иманды қыз болуы керек. Бокс туралы білуі маңызды емес", - деді спортшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.