Жанға сая «Жансая»

С­н­і­н атап өткені есім­із­­де. «Әлеуметтік әділдік­тің негізі – уа­қыт талабына сай ке­л­етін заңдар, сы­бай­лас жем­­­қор­лық­пен жан-жақты күр­ес, аза-маттардың ең­бек­­­қор­лығы және жастар­дың озық бі­л­ім­ге ұмты­лы­сы. Мемлекет осы тұ­ж­­ы­р­ым­­ды жүзеге асыру үш­­­­­­­ін бар­­лық жағдайды жа­сау­ға ти­іс», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Референдумнан соң қабылданған заң­дық өзгерістер мен толықтыруларға сай болашақ иесі балалар мен жастар тәрбие­сіне жете мән беруге қатысты нақты бағ­дарламалар қолға алынуда. Сон­ың ішінде ерекше қажеттілігі бар балалардың қата­ры­нан қалмауын қамтамасыз етуге байланыс­ты маңызды істер атқарылуда. Осын­дай шарапатты шаралар мен игі­лікті шаруалар арқасында сырт көмекті қажет ет­етін жеткіншектер әлеуметтік тұр­ғы­дағы жан-жақты қолдауларға ие болып жатыр.

Былтыр жазда Жетісу облысында Панфилов ауданындағы облыс әкімінің резиденциясы ба­лаларды оңалту орталығына айналғанын, Алакөлдегі резиденцияның демалыс лагері болып қайта құрылғанын жазған едік. Биыл сол суы шипалы Ала­көл­дің жағасындағы Ақши ауылында ор­­на­лас­қан, ерекше қажеттілігі бар бала­ларға арналған «Жансая» жаз­­ғы сауықтыру лагерінде жазғы маусым басталғалы 103 бала тегін демалып қайтты. Жалпы, осы мау­­сымның соңына дейін мұнда облыстың әр түкіпірінен келген 170-ке жуық бала демалады деп жоспарланған.

Былтыр Алакөл ауданы әк­ім­дігінің бұ­рынғы резиденциясының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 6-18 жас ара­­лығындағы мүгедектігі бар балаларға арналған 40 орындық «Жансая» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын баст­а­ған еді. Ла­герьде балаларды оңалтуға бар­­лық жағдай жасалған. «А­ла­­­көл көлінің жаға­лауындағы бел­­сен­ді демалыс жеткіншектерді сауықтырумен қатар, оларды әлеу­мет­тендіруге оң ықпалын тигізеді», – дейді осындағы өз ісі­нің білікті мамандары. 

Былтыр жазғы кезеңде бұл лагерь заң­ды өкілдерімен бірге 127 баланы қабыл­даса, биыл демалатын балалардың саны 170-ке жу­ықтайды.

– Әр бала 5 күннен демалады. Демалу­шыларды қабылдау I-ІІІ топтағы мүге­дектігі бар баланың тіркелген жері бойынша дәрігердің ұсынысы немесе қорытын­дысы негізінде жүзеге асырылады. Баланы орталыққа жеткізу барысында демалу­шының заңды өкілі немесе еріп жүретін адамы жеткіншекті тұрғылықты жерінен Үш­арал қаласына дейін апарады да, одан әрі оларды Ақши ауылына, лагерьге жеткізуді орталықтың өзі мойнына алады, – деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­ма­сының басшысы Ермек Мизамбаев.

Лагерьде сауықтыру шараларын қа­б­ыл­­дап жатқан балалардың ішінде былтыр болғандары да бар екен. Олардың айтуынша, сол кездегі демалыс көңілдері­нен шыққан. Сондықтан биылғы жазды асыға күткендерін жасырмайды. 

«Біз қызымыз екеуміз Сарқан қаласы­нан екінші жыл қатарынан келіп отырмыз. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту­ға барлық жағдай жасалған, қыз­меткерлері де мейірімді. Әр жас­тағы балаларға жеке бағдарламалар ойластыр­ылған. Көл­дің суы шипалы. Қызым басқа балалармен де араласып, достасып кетті. Мұның бәрі оның денсаулығына оң әсерін тигізіп жатыр», – дейді Анастасия Мацкова. 

«Маған лагерь ұнады. Осы жер­ден өзі­ме көп дос таптым. Біз көлдің суына түсе­міз, сурет саламыз, билейміз. Демалыс кө­ң­іл­ді өтіп жатыр. Келесі жылы тағы да кел­гім келеді», – дейді 10 жасар Ералы Салам. 

Жалпы, Жетісу облысында ба­лаларға тегін оңалту қызметін көрсететін 6 орта­лық бар. Оның бесеуі Жетісу облысы құ­рыл­­ған­нан бері іске қосылды. Соны­мен қа­тар биыл республикада бірінші бол­ып Тал­дықорған қаласында 18 жас­тан асқан мү­ге­дектігі бар азаматтарға арналған стационар ор­талық ашылды.

Болат АБАҒАН,

Жетісу облысы