Айтуынша, Демеу Жадыраевтың орнын басатын жастар баршылық.
Аңызға айналған бапкер Демеу Жадыраевқа мансабын аяқтауға кеңес берді
Фото: olympic.kz
5,295
оқылды

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко Kazinform тілшісіне берген сұхбатында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың спорттағы келешегі туралы пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Демеу жасы келген спортшы. Оған спорттағы мансабын аяқтап, тәлімгер немесе қандай да бір спорттық ұйымның басшылығына кету қисынды деп ойлаймын. Оның зейіні мен патриоттық деңгейі өте жоғары», дейді даңқты спортшы.

Айтуынша, Демеу Жадыраевтың орнын басатын жастар баршылық.

«Бірінші кезекте статистикаға мән беру керек. Жастар арасында әлем чемпионы атанған, әлем чемпионатының жүлдесін алған, Азия чемпионы атанған жастар бар. Ұлттық құраманың негізгі резерві солар. Бұған дейін де солай болған. Солай бола береді де. Олардан бөлек еш жерде көзге түспесе де еңбекқор, спортқа өмірін арнаған шеберлер бар. Елімізде күреспен айналысатындардың саны аз емес. Сол санды сапаға айналдыру керек»,  дейді Юрий Мельниченко.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.