Ислам Сәтпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды.
«Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын»: Олимпиаданың қола жүлдегері жарыстан кейінгі әсері туралы айтты
Фото: Туризм және спорт министрлігі
2,999
оқылды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев елге оралғаннан кейінгі әсерін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нысана көздеу спортынан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ислам Сәтпаев келесі Олимпиадаға дайындықты бастап кеткен. Ол жүлдесі үшін ешқандай сыйлық алмағанын және елге келген соң өмірі аса өзгере қоймағанын жеткізді. Олимпиада жүлдегері бұған қынжылмайды, керісінше, әуежайда халықтың мұндай қошеметіне бөленгеніне дән риза. 

"Әуежайда көп адам күтіп алып, жылы лебізін айтты. Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын", – дейді ол Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.