Олимпиада чемпионы бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған болатын.
«Ескі қалдықтардан құтылу оңай емес...»: Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксының қазіргі жағдайы туралы сөз қозғады
Фото: instagram.com/ b.sarsekbayev
2,433
оқылды

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзін бас бапкерлікке ұсынғандарға қатысты ойын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол дәл қазір бокс тізгінін кім қолға алса да, оған оңай болмайтынын атап өтті.

«Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рақмет! Мен бокс туралы жазсам, біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рақмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта беремін. Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер... Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік жаңа басшыға!», – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.