Жібек Құламбаева (427 WTA) жекелей сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 сериясы турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ширек финалда қазақстандық жарыстың екінші ракеткасы, хорватиялық Тена Лукасты (249 WTA) үш сетте – 1:6, 7:5, 6:4 есебімен ұтты.
Жартылай финалда Жібек серб теннисшісі Лола Радивоевичпен (350 WTA) ойнайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.