Желідегі ақпаратқа бүгінде оқырмандар түрлі пікір жазып жатыр.
«Мырзағали Айтжановтың артынан кетеді»: Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді
Фото: YouTube
5,898
оқылды

Боксшы, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың артынан кетеді екен деген ақпарат тарап жатыр. Мәселенің мәнін білу үшін әлем чемпионының өзіне хабарластық. 

«Қоғамда неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Желіде тараған ақпарат жалған. Мен боксты қойған жоқпын», - деді Сәкен Бибосынов.

Ал желідегі ақпаратқа бүгінде оқырмандар түрлі пікір жазып жатыр. Олардың ішінде Сәкенді кінәлағандар да, қолдағандар да бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.