Ақжар аудан орталығы атана ма?
Ақжар аудан орталығы атана ма?
492
оқылды
Жуықта шекара шебінде жатқан Тарбағатай ауда­нына жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облы­сының әкімі Даниал Ахметов ауданның екінші ірі елді мекені Ақжар ауылындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ мұндағы халықтың «Ақжар қайтадан аудан орталығы бола ма?» деген сауалына да жауап берді. Аймақ басшысының Ақжар­да­ғы тарбағатайлықтармен кез­де­суі төрт жарым сағатқа со­зыл­ды. Қордаланған әлеумет­тік мә­селелерді көтеріп, шулаған ха­лықты сабырға шақырған ай­мақ басшысы сауалдың бә­рі­не реті­мен жауап берді. Мұн­да­ғы тұрғындардың негізгі тілегі – Ақ­жарды қайтадан аудан орта­лы­ғы етіп, шекара маңын­да­ғы үдере көш­кен халықтың көшін тоқ­та­туға, шалғайда жатқан ауыл­дарды дамытуға қатысты болды. Мәселен, сол кезде ауданның басшылығында болған жергілікті жер­дің тумасы, бүгінде Өскемен қа­лалық ардагерлер кеңесі тө­ра­­­ғасының орынбасары Са­ғын­бек Ақанов 1997 жылғы ше­­­кара­лық аудан­дардың ау­мақ­тық өзге­рісі сол кездегі асы­ғыс шешім болғандығын, уа­қыт айқындағанын айтады. Оның айтуынша, сол кездегі хал­қы­ның саны жөнінен, мал шар­уа­шы­лы­ғы саласындағы төрт түлігімен Шығыс өңірінің алдыңғы қата­рын­да тұрған Тарба­­ғатай ауда­ны­ның Ақжар өңірі бүгінде мемле­кет­тік қолдауға мұқтаж. Кешегі 42 мың ордалы жұрт­тың 217 шақырымдық шекара бойын алып жатқан атамекенінде халықтың қормалы ғана қалып барады. Төрт ауданның ауыл ша­руашылығы өнімдерін іске жара­татын ауданаралық ет ком­­­би­на­ты, астық қабылдау кәсіп­­о­рын­­дары, мекемелер мен дүйім ха­­лықты көмірмен қамти­тын Тұ­ғыл айлағы, Зайсан балық ком­­­би­наты қаржылы қомағай­лар­­дың талапайына түсіп, қол­дан-қол­ға сатылып, құрып тын­ған.
– Ауданның әкімшілік орта­лы­ғы шекаралық аумақтың елді мекендерінен 250 шақырымға дейін қашық орналасқан Ақсуат ауылына ауысты. Халықпен са­­насқан ешкім болмады. Зей­нет­­ақы мен еңбекті, мемлекеттік жәр­демді айлап алмаған Ақсуат өңірі жұртының 1997 жылғы жағ­­дайын көріп, аудан әкімінің әлеу­меттік салалар бойынша сол кездегі орынбасары ретін­де ха­лық­тың айқай-шуы орта­­сын­да бол­ған адамның бірі едім. Алла­ға шүкір, қазір Тарбаға­тай­­­­дың әкімшілік орталығы ре­­тінде Ақсуат өңірі жаңғырды, жа­­­ңарды. 1997 жылғы мемле­кет­­­тік саясат өз міндетін орын­да­ды. Нарықтың алғашқы қиын кезінде ынтымақты өмір­ге жол ашып, береке-бір­лік­ті сақ­таған Ақ­жар өңірі жұр­ты­­ның үні­не құлақ асатын уақыт келді. Үдере ел көшіп, аудандық құры­лым­дардан қанша оқшауланса да, Ақжар ауылы мен тірек елді ме­кен­­дердің жай-күйін ешкімнен кем етпей отырған Ақжар өңірі­нің жұрты қандай құрметке де лайық, – дейді Ақжарды аудан орта­лығы етуге қатысты пікірін біл­дірген Сағынбек Ақанов.
Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл мәселеден бұрыннан хабар­дар екенін айта келе, оны шешу үшін Үкіметпен кеңесе­ті­нін мә­­лімдеді. Мұның өзі ақжар­лық­тарға үлкен үміт сыйлап, олар риза­­шылығын ұзақ қол соғумен білдірді. Жиылған жұрт жиында жол жөндеу, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауылшаруашылығы, спорт саласына қатысты шешімін тап­­паған мәселелерді ашына айт­ты. Әсіресе, үнемі кешігетін же­дел-жәрдемге, тәжірибесіз жас дә­­рі­­герлерге ақжарлықтар қатты наразы. Сонымен қатар тар­баға­тай­лықтар ауданға іргедегі Зай­сан­нан газ тарту, коронавирус індетіне байланысты ауданда жол салып жатқан «Синь-Синь» Қы­тай компаниясының №7 учас­­­кесіне Қытай азаматтарын кір­­­гізбеу, шекара торын жыл­жыту, аңызда айтылатын То­ла­­­ғай тауының тасын жол са­­лу­­­­­шы­ларға бұздырмау, мал дә­­рі­­герлерінің жалақысын тұрақ­тан­­дыру, Ақжарды Ақсуат се­кіл­­ді гүлдендіру мәселелерін де кө­­­терді.   Дәу­рен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ, Тарба­ғатай ауданы, Шығыс Қазақстан