Жолды жүк көліктері бүлдіреді...
Жолды жүк көліктері бүлдіреді...
230
оқылды
Алматы облысында «Нұр­­­­лы жол» бағдарла­масы ая­сында «Талды­қор­ған – Өс­­кемен», «Үшарал – Дос­­тық», «Күрті – Бурыл­бай­тал», «Ұзынағаш – Отар» ав­­то­көлік жол­да­рына жа­ңар­ту жұмыстары жүргі­зі­луде. Ойға алған­дар орын­дал­са, облыс аумағында 1 526 шақырым жол толық жаң­артылып, ел игілігіне бе­ріледі. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компа­ния­сы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов­тың айтуынша, «Алматы – Өске­мен» бағытында жолдың ұзын­дығы 763 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» бөлі­гін­де құрылыс-құрастыру жұмыс­тары 2022 жылы аяқталуы тиіс. Қазіргі кезде еліміз бойынша «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Қорғас» сияқты 4 ақылы жол бар.
«Еліміз бойынша ақылы жол­­дарды енгізудегі мақсат – жол­­дарды күтімде ұстап тұ­ру­ға, жөндеуге байланысты рес­пуб­ликалық бюджетке түсетін жүк­­темені азайту. Соған сай, жинал­ған қаражаттың барлығы сол жолдың ақылы бөліктерін күтіп ұстауға, жол белгілерін салуға, қар­дан тазалауға жұмсалады», – дейді ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының дирек­торы Асқат Оқасов.
Соңғы онжылдықта жол құры­лысы қарқын алды. Күнделікті көріп жүргендей, ақылы жол да өзін ақтай бастады. Күре жолдың тақ­тайдай түзулігі арқасында Тал­дықорғаннан Алматыға дейінгі 2,5 сағатта жетіп баратын болдық. Дегенмен көп уақыт өтпей жатып, төрт жолақты жаңа жолдың әр жерінен түрлі ақаулар шығып, ой-шұңқырлардың пайда болуы және олардың қайта жамалып жатқаны өкінішті-ақ. Екі жылда осындай көріністер орын алса, 4-5 жылдан соң жаңа жолымыз қандай күйде болар екен деген ой еріксіз мазалайды. Талап бойынша асфальт-бе­тон жамылғысы 16-20 жылға дейін жарамды болса, цемент-бетон жамылғысы 30-35 жылға дейін шыдас беруі керек дейді мамандар. Біздің елдегі жаңа жолдың сыйқын жоғарыда айттық. Қысқасы, жолды сапасыз салуға тоқтам бар ма? Мәселенің мәні осында болып тұр. Қарап отырсақ, мемлекет бюджетінен жолды жөндеу үшін бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып, 700 миллиард теңгеге жеткен. Енді осыған жергілікті жердің бюджетінен бөлінетін қаржыны қоссаңыз, тым қомақты қаражат шыға келеді. Жаңа жолымыз өзі жыл сайын қайта жөндеуден өтіп жатса, жоғарыдағы қыруар қаржы шын мәнінде желге ұшпағанда қайтеді?
«Жол активтері ұлттық сапа орталығының» басшысы Замир Сағынов жыл қорытындысына арнал­ған мәжілісте: «Сапа мәсе­лесі – бүгінгі күннің ең өзекті та­қырыбы. Әрбір мемлекет өзінің жолдарына ерекше мән беріп, күтіп ұстайды. Олар ша­ма­дан тыс, 10 тоннадан астам жүк кө­лік­­­терін жүргізбейді. Мысалы, Швейцарияда ауыр жүк көліктерін жалпы халық пайдаланатын жол­дарға кіргіз­бейді. Олар ше­ка­ра­ға тауар кел­­генде ішке 5-6 тон­на­лық ша­­ғын жүк көлік­тері­мен тасы­мал­­дайды. Осын­дай ұқып­ты­лықтың, жауап­кер­ші­ліктің арқа­сында олардың жолдары да ұзақ жылға, яғни 20-30 жылға дейін сапасын жоғалтпайды. Ал біз­дің елдегі жағдай бұған кері­сін­ше. Жаңа жолмен кімдер жүр­мейді десеңізші? Қытайдың 30 тон­налық, тіпті 60 тонналық жүк көлік­терінің арлы-берлі ағылып жат­қанын несіне жасырамыз. Мұн­дай ауыр жүкті көліктердің саны бүгінде 80 мыңға жетті. Жол­­дардың 90 пайызын бұзатын осылар. Бұларды тоқтатпасақ, жол сапасы 3 жылдан аспайды деу­ге толық негіз бар», – деді.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» басшысының баста­ма­сымен бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ауыр жүк көліктерінің жолға әсері туралы жан-жақты ай­тылып, түсіндіру жұмыстары жүр­гізілуде. Атап айтқанда, «Жол активтері ұлттық сапа орталы­ғы­ның» Алматы облыстық фи­лиа­лының қызметкерлері «Ал­маты – Өскемен» трассасы­ның бо­йында ағылып жатқан кө­лік­тердің салмағын, жылдам­ды­­ғын бақылап, ескерту жасауда. Ал­дағы уақытта бұл бағыттағы жұ­мыстар қатаңдана түспек.     P.S.  

Осы мақаланы жазу кезін­де әлеуметтік желіден төмен­де­гідей жаңалықты оқы­дық. Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министрлігі Қазақ­стан аумағында, атап айт­­қанда үстіміздегі жылы 1 нау­рыз­дан 1 сәуірге дейін Алматы, Аты­рау, Жамбыл, Қарағанды, Қы­зылорда, Маңғыстау мен Түр­кістан облыстарында жүк сал­мағы 8 тоннадан асатын ауыр жүкті автокөліктердің жү­руі­не шектеу қойылатынын хабар­лап­­ты. Сондай-ақ мұндай талап 23 нау­рыздан 1 мамырға дейін Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Пав­­лодар мен Солтүстік Қазақ­стан облыстарында да енгізі­ле­­ді.

  Болат АБАҒАН, Алматы облысы