Қазақстан қоржынына екі медаль түсті.
Грек-рим күресінен екі балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: ҰОК
1,977
оқылды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді. 

Сондай-ақ, 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр.

Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 әзербайжандық Амрах Амраховтан ұтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.