Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңінің екінші айналымында дайындықты бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, "Барыс Аренадағы" жаттығу 20 тамызда басталып, 22 тамызға дейін жалғасады. Іріктеу матчтарының алдындағы жаттығу жиынын ұлттық құрама Чехия мен Словакияда өткізеді.
Іріктеу матчтарының кестесі:
29.08 / 17:00
Қазақстан – Венгрия
30.08 / 17:00
Қазақстан – Австрия
01.09 / 21:00
Словакия – Қазақстан
*Астана уақыты көрсетілген
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.