Иорданияның Амман қаласында 17 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар ел қоржынына тағы екі медаль салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола медаль иеленді. Ол кіші финалда грекиялық Мэйри Маниден 5:1 есебімен басым түсті.
Сонымен қатар, 65 келі салмақ дәрежесінде Ұлдана Тілеухан үздік үштікке енді. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде беларусьтік Анастасия Команаваны 17:2 есебімен жеңді.