Мунарбек Сейітбекуулу Париждегі Олимпиада ойындарында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
«Тойым үйде өтті»: Париж Олимпиадасына бапкерсіз барған боксшы үйленді
Фото: instagram.com/ munar.1
5,363
оқылды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, қырғызстандық боксшы Мунарбек Сейітбекуулу отбасын құрды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«24 тамыз маған Құдай берген жақсы күндердің бірі болды. Мен жұбайыммен некелесіп, екі дүниеде де бақытқа апаратын жолды бастадым. Президентіміздің ысырапшылдыққа жол бермеу туралы сөздеріне қосыламын және сіздерді де осыған шақырамын. Біздің үйлену тойымыз шариғат бойынша және үй жағдайында өтті», - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Мунарбек Сейітбекуулу Париждегі Олимпиада ойындарында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол күміс медаль жеңіп алып, Қырғызстан боксы тарихында алғаш рет медаль алды. Ол Олимпиадаға жеке бапкерсіз барған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сейитбек уулу Мунарбек (@munar.1)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.