Командалар адамзат пен табиғаттың бір-біріне қалай әсер ететінін зерттеп, роботтар арқылы адамдардың табиғатпен қалай үйлесімді өмір сүре алатынын анықтады. Жас ғалымдардың бірі Ельдар Жалғасбек пен Мақсат Жиденов өздерінің экологияға пайдасын тигізетін жобаларын таныстырды.
«Біз олимпиадаға ұсынған жұмысымызды экологияға арнадық. Робот суды тазалайды. Каспий теңізінде және басқа да өзендерге орнатуға болады. Шедрлер айналады, сосын контейнерге түседі. Ол толған соң роборука оны кемеге салатын болады. Кеме фабрикаларға апарып, қоқыстан жаңа зат жасайды. Ол заттар сатылып, экологияға да, экономикаға да өз үлесін қосады. Біз бұл құрылғыны 3 күнде жасап шықтық. Бұл ой америкалық ютубердің видеосын көргеннен кейін пайда болды. Бірақ оның жұмыс істеу механизмі басқаша, ал біздікі мүлдем басқа», – деді құрастырушылар.
Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам оқушы қатысып жатыр.
«Жеңімпаздар халықаралық олимпиадаға жолдама алады. Биылғы маусымның тақырыбы – «Жер-Ана қамқоршылары». Балалар өз жобаларында жерді, табиғатты, суды сақтау, қоқыстан тазарту, пластикалық өнімдерді өндірістен өткізіп, екінші қолданысқа беру тақырыбында балалар өз ойларын білдіреді. Олимпиадаға қатысып жатқан оқушылар RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттары бойынша бақ сынайды. Балалар қоршаған ортаны қорғауға, қауіпті немесе климаты қатал жерлерде өмір сүруге көмектесе алатын роботтар әзірлеп, сол жұмыстарымен таныстырады, – деді Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ермек Пайзов.