ҚР Үкімет отырысында Қаржы министрі «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ұсынды. 2025 жылы бюджетке шамамен 21,7 трлн теңге деңгейінде түсімдер түседі болжанып отыр (2026 жылы – 19,4 трлн теңге, 2027 жылы – 20,9 трлн теңге), – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланған.
2025 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 2,7 пайыз деңгейінде болады деп болжанған. Ал 2027 жылға қарай ЖІӨ-ге есептегенде 1,9 пайызға дейін төмендемек.
2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, бюджет шығыстары 2024 жылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңгеге жетеді жоспарланып отыр.
«Бюджеттің әлеуметтік бағдары сақталып отыр. Осы салаға арналған қаражат келесі жылы 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңгеге артады. Осы арқылы қаражат инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеуге жұмсалады. Сонымен қатар гранттар саны артып, ЖОО студенттерінің стипендиясы орта есеппен 15-20 пайызға өседі. ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту ұлғаяды», – деді Мәди Төкешұлы.
2025 жылға арналған ҚР бюджетінің шығыстары қалай өзгереді?
2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бағытталады. Өсім 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге артады. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.
Келесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланған.
Қаражат келесідей бағыттарға аударылады:
Біріншіден, инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеу: базалық зейнетақы мен жәрдемақы 6,5 пайызға, инфляцияның орташа деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп, ынтымақты зейнетақы 8,5 паызға ұлғаймақ. Қосымша әлеуметтік төлемдерді алушылар контингентін индекстеуге және ұлғайтуға (180 мың адамға) 626 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде, 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңгеге жетеді.
Екіншіден, гранттар саны 2024 жылмен салыстырғанда қосымша 2 500 орынға ұлғаяды. Нәтижесінде, қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы 78 мыңға жуық білім беру гранты бөлінетін болады.
Үшіншіден, ЖОО студенттеріне арналған стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20 пайызға ұлғайту. Нәтижесінде, бакалавриат студенттері үшін стипендияның орташа мөлшері 52 372 теңгені, магистратура үшін 117 098 теңге мөлшерінде болады.
Төртіншіден, халық санының өсімін және науқастар санының ұлғаюын ескере отырып, ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды ұлғайту.
Бесіншіден, өңірлерді қолдау. 2025 жылы республикалық бюджет есебінен өңірлерге арналған қаражат 348 млрд теңгеге ұлғайып, 7,4 трлн теңге бөлінетін болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.