Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Олимпиада жүлдегерлерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуіне қатыспады. Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли оның не себепті шараға қатыспағанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Қазақстан Президенті Париждегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Гимнаст Нариман Құрбанов іс-шарада түсірілген фотосуреттерден көрінбеді.
"Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өткен 33-Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға мемлекеттік наградаларды табыс етті, өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сырқатына байланысты салтанатты шараға қатыса алмады. Оның тезірек сауығып, жаңа спорттық жетістіктерге жетуіне тілектеспіз", - деді Берік Уәли.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі сәл ертерек өтуге тиіс еді. Бірақ спортшыларда COVID-19 анықталғандықтан кейінге қалдырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.