Конституция күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар мамандандырылған орталықтар 30 тамызда жұмыс істемейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Айта кетейік, 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін”, – делінген “Азаматтарға арналған үкімет” АҚ таратқан хабарламада.
Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес сағат 9:00-ден 18:00 аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейтін болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.