Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Жер аманаты республикалық комиссиясының төрағасының орынбасары ретінде Шыңғырлау ауданында көшпелі отырыс өткізді.
Жер аманаты республикалық комиссиясы Шыңғырлау ауданына барды
2,989
оқылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, оны халық игілігіне беру жөнінде бастама көтерген еді. 2022 жылы «AMANAT» партиясы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Жер аманаты республикалық комиссиясының төрағасының орынбасары ретінде Шыңғырлау ауданында көшпелі отырыс өткізді. 

Атап айтсақ, Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылдық округіндегі Амангелді ауылының тұрғындармен кездесті.

Нақтырақ айтсақ, "Амангелді Агро" ЖШС-ның өкілдерімен кездесіп, проблемалық мәселелерін тыңдады.

Тұрғындардың айтуынша, жерге қатысты мәселелердің бірі ол - егін шаруашылығының өнімдерін сақтауға қоймалардың жоқтығы және мамандардың жетіспеушілігі, кептіргіш қондырғылардың болмауы, егістік жерлеріне ірі қара малдың таптауы салдарынан өнімдердің жойылуы және тағы да сол секілді проблемалар көтерілді. 

Айта кету керек, Шыңғырлау ауданы жер аманаты комиссиясының жұмысы бойынша өткен жылы жер қайтаруға бағытталғын 5 іс-шара ұйымдастырылса, осы жылы 3 шара өткізілді.(Шаруа қожалық иелерімен кездесулер, комиссия отырыстары және т.б.)

Ағымдағы жылы аудан бойынша жер қайтару жоспары 10 000 гектар болса, қазіргі таңда 6929 гектар қайтарылып, жоспар 69 пайызға орындалды. (2023 жылы аудан бойынша жер қайтару жоспары 5000 гектар болса, қазіргі таңда 7043 гектар қайтарылып, жоспар артығымен орындалды).