Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа жаңа Жолдауын жариялайды
Фото: Telegram/Aqorda
614
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Aqorda Telegram арнасының хабарлауынша, жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.