Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
«Балаларды мектепке даярлайық»: 100 бүлдіршінге 100 сыйлық табыстады
906
оқылды

Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал  оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның азаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың ғана қолынан келеді.

 

Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» және партияның бастамасымен «Балаларды мектепке даярлайық»  республикалық акциясы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Асқар Қайназаров 100 оқушыға сөмкелер мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Назгүл НАЗАРБЕК, Түркістан облысы