Ресейде өтіп жатқан бокстан Еуразия кубогі турнирінде жартылай финал жекпе-жектері басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан жастар командасы сапынан 13 боксшы жартылай финалға өтті. Олардың арасында Бексұлтан Боранбек (51 келі), Әділбек Қожахан (54 келі), Ахмет Үсен, Асылхан Көшербай (63,5 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Дамир Синеев, Мадияр Бексұлтанов (80 келі) және Аслан Елдібайұлы (92 келі) ресейлік боксшылармен финал жолдамасын сарапқа салады.
Ал Әли Мұрат (54 кеСараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз). Моңғолия боксшысымен, Жансерік Көшербаев (57 келі) пен Төрехан Сабырхан (67 келі) Армения спортшыларымен жұдырықтасады.
Кездесулер бүгін өтетінін еске саламыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.