Пара таеквондо (Камила Досмалова – 57 кг – К44) және пара жеңіл атлетика (Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м жүгіру) бойынша 2 медаль жиынтығы ойналады.
Паралимпиада-2024: Қазақстандықтар екі спорт түрінен сайысқа түседі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1,031
оқылды

30 тамызда (жұма) 2 спортшы жарыс алаңына шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Пара таеквондо (Камила Досмалова – 57 кг – К44) және пара жеңіл атлетика (Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м жүгіру) бойынша 2 медаль жиынтығы ойналады.

Пара таеквондо жеребесі бойынша Камила Досмалова 1/4 финалда параойындар жеңімпаздарына қарсы шығады Джульетта Мойпо (Кения) – Мария Мицев (Сербия).

Пара жеңіл атлетикада Салтанат Әбілқасымқызы (100 метрге жүгіру) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, биыл Париж Олимпиадасын спортшыларымыз жалпыкомандалық есепте 43-орынмен аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.