Коронавирус қаупі: Еліміздегі ірі спорт шаралары өтпейтін болды
Коронавирус қаупі: Еліміздегі ірі спорт шаралары өтпейтін болды
Sports Concepts
164
оқылды
Мәдениет және спорт министрлігінің кеңесі бойынша еліміздегі спорт федерациялары жоспарланған бұқаралық спорттық шаралардың бәрін кейінге қалдырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі барлық бұқаралық спорттық шараны өткізбеу және халықаралық жарыстарға баруды тоқтата тұру туралы мұның алдында кеңес берген еді. Қазақстандағы спорт федерацияларының бәріне осындай хат жолданған. Себебі ондай ірі спорттық шараларға шетелден де спортшылар келеді. Осыдан кейін ресупбликалық спорт федерациялары ірі шаралардың бәрін тоқтатып жатыр», - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева. Сонымен қатар, комитеттің баспасөз хатшысы лицензиялық турнирлердің (2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына) басқа уақытқа ауыстырылып жатқанын хабарлады.