Ақмарал жартылай финалда түркиялық қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.
Ақмарал Науатбек дзюдодан Париждегі Паралимпиада ойындарының финалына өтті
Фото: Нұрғали Жұмағазы
526
оқылды

Франция астанасы Парижде 2024 жылғы Паралимпиада ойындары жалғасуда. Бүгін қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

J2 санаты бойынша дзюдодан 48 келі салмақта сынға түскен Ақмарал жартылай финалда түркиялық қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. 

Сонымен қатар пара жүзуден Әмір Мұратбеков пен Нұрдәулет Жұмағали және пара жеңіл атлетикадан Еламан Жоламан финалда өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.