Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.
Ақмарал Науатбек Паралимпия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
1,008
оқылды

Ақмарал Науатбек XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасында алтын медаль алды.

Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. 

Айта кетейік, Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.