Алматыдағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті матчын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық футболшылар өз алаңында Норвегияны қабылдаған болатын.
Кездесу барысында норвегиялықтар үлкен басымдыққа ие болды. Десе де, қонақтар Қазақстан қақпасынан саңылау таба алмады.
Матч 0:0 есебімен аяқталды.
Айта кетелік, Ұлттар лигасында Қазақстан Норвегия, Австрия және Словенияға қарсы ойнайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.