Балқаштың жағалауы жайнай түседі

Ел дамуының маңызды мәселелері бойынша респуб­ли­калық референдумда айтылғандарды орындау өңірлердің өр­кендеуіне де жол ашары анық. Осы бағытта Жетісу облы­с­ында да үлкен істер атқарылуда. Солардың қатарында өңірдің туристік әлеуетін ел игілігіне айналдыру да бар.

Облыстағы туристік аймақтың бірі – Бал­қаш көлінің жағалауына жаз айларында демалатындар саны жыл сайын артуда. Би­ыл Талдықорған мен Лепсінің арасын жалғастыратын күрежол біршама реттеліп қалды. Келер жылы толықтай жөнделеді. Қазір мұндағы жұмыстар қызу қарқын алған. Сонымен бірге жағалауға инженер­лік жүйелер тарту жұмыстары да басталған. Егер ойға алғандар толықтай жүзеге асса, жаз айларында Балқаш жағалауында дема­ла­тындар саны еселеп артары сөзсіз. Биыл Балқаш жағалауында бір маусымда шама­мен 50 мыңнан астам адам демалса, турис­тік-рекреациялық аймақты дамыту жос­пары жүзеге асырылып, жағалау и­н­ф­р­а­­құрылы­ммен қамтамасыз етіл­геннен кейін демалушылар саны 450 мың адамнан аса­ды, ал жақын елді мекен тұрғындары үшін екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады деген батыл болжам бар. 

Жоғарыда айтқанымыздай, Жетісу облысының туристік әлеуеті аса зор. 

Сон­ың ішінде Сарқан ауданында тау туризмі мен Балқаш көлінің жағалауын дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар және қазір соны ретімен жүзеге асыруға байла­ныс­ты нақты жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ретінде іске асырыла бастаған «Балқаш жағалауы­на туристік-рекреация­лық демалыс айма­ғы­ның инженерлік-коммуникациялық желісін салу» жобасын айтуға болады. Құны 7,4 млрд теңгеден аса­тын бұл жобаға республикалық бюд­жеттен биыл 2,2 млрд теңге бөлініпті. 

Осынау қыруар қаржыны игеруге атса­лысып жатқан «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС жобада қарастырылған бағыттың бірі – жағалауды ауызсумен қамтуға кір­іс­кен. Жоба бойынша ауызсу Лепсі өзенінен тартылады. Бүгінге дейін жалпы тартылуға тиісті 31,8 шақырымның 24,8 шақырымы­на су құбыры жүргізілді. Оған қоса, 2-ші кө­тер­гіштің су сорғысы бар су тазарту стан­сасының құрылысы бастал­ды, бұл стан­саның тәуліктік қуаты 500 текшеметр болады. Сонымен бірге 4 резервуар салын­ып жатыр, олардың екеуінің жеке қуаты 300 текшеметр, тағы екеуінің жеке қуаты 150 текшеметр бол­мақ. Кәріз жүйесінің де құрыл­ысы басталып, 16 шақырымға тар­ты­лу­ға тиіс кәріз жүйесінің 8 шақырымы­ның оры қазылып, оның 2 шақырымына құбыр төселген. Сонымен бірге кәріз су­лар­ын тазартатын, қуаты тәулігіне 470 текшеметр болатын 2 станса салынады. 

Жобада электр желісін жүргізу жұмыс­тары да қарастырылған. «17 шақырымдық электр тарату магистралды желісінің бо­йы­на 164 бағана орнатылды, қажетті ка­бель­дер мен жиынтықтар дайындалды. Оған қоса, қуаты 6,3 МВт болатын 35/10 қосалқы станса салу жоспарланған. Қазір қосал­қы стансаны іске қосуға керекті құрал-жабдықтар сатып алынып, Шым­кент зауытынан жеткізілуде. Сөйтіп, элек­тр таратудың магистралды желісін орнату мен негізгі қосалқы стансаның құрылысын қыр­күйектің соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұдан соң 28 транс­фор­ма­торлық подстанция жиынтығы орнатылады, соның 25-і тұтынушылардың қажеттілігі үшін жағалауға қойылады, – дейді мердігер компания басшысының орынбасары Имаммахмұт Шағырбаев.  

Балқаш көлі жағалауының инфрақұры­л­ымын дамыту халықтың сапалы демалыс­ына ғана емес, кәсіпкерлердің бизнес жүр­­гізуіне және жергілікті тұр­ғындарының жұмыспен қамтылуына оң ықпалын ти­гіз­ері анық. Қазір Лепсі ауылын­да 4 мыңға жуық адам тұрады. Соңғы жылдары халық саны тұрақтап қана қой­май, біртіндеп көбейіп келеді. Ауылға орал­ып, туған жерін түлетуге атсалысуды жөн көрген жастар да жетерлік. Солардың бірі жоғары оқу орнын бітіріп, жуырда туған жеріне оралған жас маман Төлеген Әлпейісов: 

– І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін бітіргеннен кейін қалада қалып жұмыс істеуіме мүмкіндік болды. Бірақ Балқаш жағалауын дамытудың жоспарын көрген соң бірден ауылға орал­дым. Осындағы Ушинский атындағы мек­тепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Қазір достарымызбен бірге туризм бағытында өз бизнес-жоспарымызды әзірлеу­де­міз. Алдағы уақытта арманымыз жүзеге асады деген ойдамын, – дейді. 

Жалпы, Балқашқа апаратын «Мола­­лы-Леп­сі-Ақтоғай» учаскесіндегі ­105- ­ша­қырымының құрылысы мен абат­тандыру жұмыстары келесі туристік мер­зім бастал­ғанға дейін толығымен аяқ­талып, қолданыс­қа беріледі, ал биылғы жылдың аяғына қарай төменгі жабынымен авто­көлік құралдары үшін ашылады. Ал Лепсі ауылынан Балқаш көлінің жағалауы­на дейінгі 27 шақырым автокөлік жолын­ың қайта жаңғырту жұ­мысы аяқталып, іске қосылған.

Болат АБАҒАН,

Жетісу облысы