Алайда алаяқтығы анықталып, іс сотқа жетті.
Өскеменде алаяқ түзеу мекемесінде жатып, кәсіпкерден 50 миллион  теңге алдап алған
Ашық дереккөз
1,223
оқылды

Өскеменде сотталушы түрмеде отырып, өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, кәсіпкерден 50 млн теңге алдап алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, алаяқтық жасағаны үшін түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан айыпталушы ұялы телефонға қол жеткізген.

Ол кәсіпкерлерден су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында ақша сұраған. Сотталушы одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіп иелерінің бірінен 50 млн теңге алды.

"Сот үкімімен кінәлі деп танылған айыпталушы бұрын тағайындалған жазаны қосқанда 8 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметінен.