120 шаршы алаңды қамтыған өрт сөндірілді.
Алматыда жеке тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті
1,214
оқылды

Алматы қаласының  Әуезов ауданында 7 қыркүйекте түнде жеке тұрғын үй отқа оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, бірақ нысанды оттан аман алып қалу мүмкін болмады, үй түгелімен жанып кетті.

"ТЖМ күштерімен 120 шаршы алаңды қамтыған өрт сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілмеді", – делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін  сақтауға шақырады.