Олар 34 телефонды сотталғандарға арналған тамаққа жасырып, Қарағанды ​​колониясына өткізбек болған.
Ұлытау облысындағы түрмеге бір қап телефон алып өтпек болған
1,026
оқылды

Ұлытау облысындағы түзеу мекемелерінің біріне көкөніс салынған сөмкелерге 30-дан астам телефонды салып өтпек болғандар қолға түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

№62 мекеме қызметкерлері сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті.

“Азық-түлік өнімдерін тиеу кезінде «Газель» көлігі тексерілді. Сәбіз салынған қаптардың бірінде төрт қара түсті пластик “сәлемдеме” жасырылған. Ашылған кезде 34 ұялы телефон, 11 құлаққап, 3 флэш-карта және 30 SIM-карта анықталды.

Осы факті бойынша Жезқазған қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды.

“Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізудің иесі мен мекен-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық атқару департаментінің баспасөз қызметі.