Ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестік қатарына енді.
Көшпенділер ойындарының алғашқы алтынын Франция алды
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
6,404
оқылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздар белгілі болды, – деп хабарлады Aikyn.kz.      

Жамбы ату сайысына 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар 
11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар бақ сынады. 

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметінше, жарыс нәтижесі бойынша Франция құрамасының спортшысы Raphael Malet Көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медаліне ие болды. Күміс жүлдені Моңғолия Altankhuyag Nergui иеленді. Ал қола медаль Франция елінен Gaëtan Blot алды. 

Ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестік қатарына енді.

«Мажар стилінің ерекшелігі – спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан дирекциясы барлығын атпен қамтамасыз етті. Тоқсанға жуық атты дайындадық. Көшпенділер ойындары болғандықтан көп қатысушы келді. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинын өткіздік. Әр спортшыға жеке тактика әзірледік», – деді Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тұлыбеков өнер көрсетті. Спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген.  

Спортшыларымыз алдағы үш күн 3 стиль (азия, түрік, қазақ) бойынша бақ сынасатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.