Ақтауда қаза тапқан сарбаздың әкесі жанайқайын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ер адам ұлының оқыс оқиғадан қаза таппағанын айтады. Ол Қорғаныс министріне істі жан-жақты тексеруді сұрады.
«Жалғыз ұлым әскерге тірідей кетіп, табытпен қайтты. Ақтау қаласының әскери округіне бара жатырмын. Ұлымды тапаншамен бетінен атқан. Бұл оқыс оқиға дейді. Офицер қарумен ойнап отырып, ол аяқастынан атылып кеткен дейді. Мен Қорғаныс министрінен бұл істің жазатайым оқиға ретінде қарастырылмауын сұраймын. Бұл жазатайым оқиға емес. Тапаншадан ату үшін патронын салып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойнайтын ойыншық емес. Қазір оны қамауға алды дейді. Істі тоқтатқысы келуі мүмкін», - деді сарбаздың әкесі.
Ол тергеу комитетіне барып, ары қарай ұлының денесін экспертизадан өткізуге баратынын айтты.
Қорғаныс министрлігі осы істі бақылауына алғанын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.