Спортшылар 2022 жылы шаңырақ көтерген.
Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек отбасы туралы айтты
Фото: Instagram әлеуметтік желісінен
10,024
оқылды

Ақмарал Науатбек белгілі дзюдошының жары болып шықты, – деп жазды Aikyn.kz Jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшылар 2022 жылы шаңырақ көтерген. Қазақстан тарихындағы пара дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбектің аяулы жар, ибалы келін екені белгілі болды.

Ақмарал Науатбек –2020 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы, 2023 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы Мәди Амангелдінің жары. 

Жастарды спорт таныстырып, табыстырған. Дзюдошылар 2022 жылы отау құрған. 

Мәди Амангелді мен Ақмарал Науатбек Астана қаласында тұрады. Спортшылар әр жарыста бір-бірін қолдап, жанкүйер болып жүр. 

Мәди Амангелді жары Париж төрінде белдескенде жанынан табылды. 

Бүгінгі таңда махаббат қаласы Парижде жүрген ғашықтар әлеуметтік желідегі парақшаларына суреттерін жүктеген. 

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Жамбыл облысы, Жуалы ауданында 1999 жылы өмірге келген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.