Олар жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 78 келісімшартты заңсыз жасаған.
ШҚО-да шенеуніктер қолдан төтенше жағдай жасап, 1,4 миллиард теңге жымқырған
Фото: istockphoto.com
1,344
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының шенеуніктері төтенше жағдай болмаса да, ойдан оқыс жағдайлар ойлап тауып, тендер ойнатқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Облыстың прокуратурасы хабарлағандай, олар жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 78 келісімшартты заңсыз жасаған.

 

Прокуратура осы тендерлер өткен кезде облыста төтенше жағдай мүлде болмағанын, бірақ шенеуніктер бір көзден шарт жасасып, мемлекеттен ақша алғанын анықтаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.