Қызылорда облысының тұрғындары арасында VIP нөмірлерге сұраныс жоғары.
Қызылордада ең көп сатылған мемлекеттік нөмірлер белгілі болды
Фото: drive2.ru
396
оқылды

 

Қызылорда облысының тұрғындары арасында VIP нөмірлерге сұраныс жоғары. Жыл басынан бері оған 290 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Осы күнге дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда 803 жоғары сұранысқа ие нөмірлер берілген.

Негізінен жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сату республикада 10 жыл бұрын енгізілген болатын. Содан бері бұл бағытта атқарылған жұмыстардың ауқымы кең.

Мәліметке сәйкес, 2024 жылдын басынан Қызылорда облысында 070, 077, 101 цифрлық белгісі бар мемлекеттік нөмірлер сұранысқа ие екен. Әрбір осындай нөмірдің мемлекеттік баж мөлшері 57 АЕК (2024 жылы – 210 444 теңге) құрайды.

Бүгінде ең қымбат, әрі әріптері бірдей VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 болып табылады. Әрбір осындай нөмір үшін мемлекеттік баж 285 АЕК құрайды, яғни, 1 052 220 теңге екен.

Осы орайда айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында барлығы 2 700-ден астам автомобиль тіркеліп, 1 197 жүргізуші куәлігі берілген.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы