V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ ату бойынша Пута нысанасын көздеуде финалға шыққан спортшылар есімі хабарланды.
Көшпенділер ойындары: Қазақстанның үш садақшысы финалға шықты
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
588
оқылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ ату бойынша  Пута  нысанасын көздеуде финалға шыққан спортшылар есімі хабарланды. Олардың ішінде үш қазақстандық садақшы бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін  Пута  нысанасын көздеуге Аустралия, Германия, Әзербайжан, Мажарстан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Йемен, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай сияқты 33 мемлекеттен 180 спортшы бақ сынады.

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Жарыс қорытындысы бойынша, ерлер арасында қазақстандық Жәнібек Құлмырзаев, Қанат Қасымхан, қырғызстандық Исхак Токонов, мажарстандық Ласло Кочка финалға шықты. 

Әйелдер арасында – қазақстандық Айкөркем Батихан, қырғызстандық Әсел Садырова, ресейлік Анна Алексеева және мажарстандық Корени Янка Юдит топ жарып шықты. 

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Финал ойындары бүгін Астанадағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 16:00-де басталады. 

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Айта кетейік, Пута нысанасында ерлер 70 метр, әйелдер 60 метр нысананы көздейді. Әр спортшыға 7 мүмкіндіктен беріледі, әр мүмкіндікте 3 минут уақыт болады және 9 жебе атылады. 

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Әр тиген оққа 1 ұпай беріледі, ең жоғары ұпай – 63. Ұпай сандары тең түскен жағдайда 9 жебемен тағы бір мүмкіндік беріледі. Тағы да тең түссе – нысананың ортасына ең жақын тиген оқ есепке алынады.