Дәстүрлі садақ атудан Пута нысанасы бойынша өнер көрсеткен Жәнібек Құлмырзаев алтын медальға ие болды.
Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына  тағы 5 алтын түсті
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы
1,663
оқылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына тағы 5 алтын түсті, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Дәстүрлі садақ атудан  Пута нысанасы бойынша өнер көрсеткен Жәнібек Құлмырзаев алтын медальға ие болды.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Бүгін дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат пен Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болған еді.

Аударыспақтан 80 келі салмақта сынға түскен Дарын Өткелбай алтын медальға ие болды.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Мажарстан, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі. Бүгін аударыспақтан Ермек Құралбай мен Алмат Ләтіпбек те алтын медаль алды.

Айжан Жылқыбаева қазақ күресінен 48 келі салмақта алтын медальға ие болды. Ал 52 келі салмақта Назерке Азаматова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Бекжан Төлепов 55 келі салмақта алтын жүлде алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.