Спортшыларымызға алтын бұйырмады.
Қазақ балуандары Көшпенділер ойындарында кураштан 7 медаль жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1,004
оқылды

Көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан 2 жарыс күні аяқталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қорытындысы бойынша қазақстандық 7 балуан медаль иегері атанды.

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алып, оның 4 ақтық сынға жолдама алды. 

Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.

1. Марат Нигматуллаев – қола жүлде (ерлер арасында 60 келі)

2. Ернұр Сүлейменов – күміс жүлде (ерлер арасында 60 келі)

3. Айбек Қазақбаев – күміс жүлде (ерлер арасында 66 келі)

4. Толғанай Абеуова – күміс жүлде (әйелдер арасында 57 келі)

5. Алтынай Нұрханова – қола жүлде (әйелдер арасында 57 келі)

6. Нұрдін Шаймерден – күміс жүлде (ерлер арасында 73 келі)

7. Әділет Ахметғали – қола жүлде (ерлер арасында 73 келі)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.